Қазақстанда коронавирустан екі адам айықты

0
112

Қазақстанда Covid-19 дертінен екі адам жазылды. Олар 26 наурызда ауруханадан шығады. Бұл туралы 25 наурызда ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мәлімдеді.

Қазіргі дерек бойынша, Қазақстанда 80 адам коронавирус жұқтырған.

  • Алматыда – 31 адам,
  • Нұр-Сұлтанда – 41 адам,
  • Қарағандыда – екі адам,
  • Шымкентте – екі адам,
  • Алматы облысында – бір адам,
  • Ақтөбе облысында – бір адам,
  • Жамбыл облысында – бір адам,
  • Солтүстік Қазақстан облысында – бір адам

Қазақстанда коронавирустан қаза болғандар жоқ. Үкіметтің дерегінше, вирус жұқтырғандардың басым бөлігінде симптом жоқ я сәл қызуы көтерілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз