7 желтоқсандағы ақпаратта Қазақстанда 137 854 жасөспірім, жүкті әйел және бала емізетін аналар коронавирусқа қарсы “Pfizer” вакцинасын алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Вакцина алғандардың ішінде:
- 110 337 – жасөсіпірмдер
- 8 097 – жүкті әйелдер
- 19 420 – бала емізетін аналар
Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша түнде Алматыға Pfizer екпесінің алғашқы партиясы жеткізілді. Pfizer вакцинасының бір ампуласы 6 дозаға, яғни алты адамға арналған. Оны ашқаннан кейін 6 сағат бойы, ал жабық және ерітілген күйде бір ай сақтауға рұқсат етіледі.
Оқи отырыңыз: Алматыда Pfizer екпесін ақылы салдыруға тіркелу басталды