Қазақстанда “Pfizer” вакцинасын алғандар саны 137 мыңнан асты

0
28
Нұр-Сұлтанда Pfizer вакцинасын салдырып отырған жасөспірім. 15 қараша 2021 жыл.

7 желтоқсандағы ақпаратта Қазақстанда 137 854 жасөспірім, жүкті әйел және бала емізетін аналар коронавирусқа қарсы “Pfizer” вакцинасын алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Вакцина алғандардың ішінде:

  • 110 337 – жасөсіпірмдер
  • 8 097 – жүкті әйелдер
  • 19 420 – бала емізетін аналар

Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша түнде Алматыға Pfizer екпесінің алғашқы партиясы жеткізілді. Pfizer вакцинасының бір ампуласы 6 дозаға, яғни алты адамға арналған. Оны ашқаннан кейін 6 сағат бойы, ал жабық және ерітілген күйде бір ай сақтауға рұқсат етіледі.

Оқи отырыңыз: Алматыда Pfizer екпесін ақылы салдыруға тіркелу басталды

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз