21 желтоқсандағы ақпаратта Қазақстанда 275 185 жасөспірім, жүкті әйел және бала емізетін аналар коронавирусқа қарсы “Pfizer” вакцинасын алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Вакцина алғандардың ішінде:
- 218 181 – жасөсіпірмдер
- 16 381 – жүкті әйелдер
- 40 623 – бала емізетін аналар
Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша түнде Алматыға Pfizer екпесінің алғашқы партиясы жеткізілді. Pfizer вакцинасының бір ампуласы 6 дозаға, яғни алты адамға арналған. Оны ашқаннан кейін 6 сағат бойы, ал жабық және ерітілген күйде бір ай сақтауға рұқсат етіледі.