Қазақстанда “Pfizer” вакцинасын алғандар саны 275 мыңнан асты

0
16
photo: rbc.ru / pfizer

21 желтоқсандағы ақпаратта Қазақстанда 275 185 жасөспірім, жүкті әйел және бала емізетін аналар коронавирусқа қарсы “Pfizer” вакцинасын алды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Вакцина алғандардың ішінде:

  • 218 181 – жасөсіпірмдер
  • 16 381 – жүкті әйелдер
  • 40 623 – бала емізетін аналар

Естеріңізге сала кетейік, 10 қараша түнде Алматыға Pfizer екпесінің алғашқы партиясы жеткізілді. Pfizer вакцинасының бір ампуласы 6 дозаға, яғни алты адамға арналған. Оны ашқаннан кейін 6 сағат бойы, ал жабық және ерітілген күйде бір ай сақтауға рұқсат етіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз