Өткен тәулікте Қазақстанда 225 адамнан коронавирус табылды. Батыс Қазақстан облысында – 40, Алматыда 39 жаңа науқас анықталған. Сейсенбі күні науқастар көп тіркелген облыс пен қалалар арасында Қызылорда облысы (30), Нұр-Сұлтан қаласы (23), Атырау облысы (21) бар. Жалпы өсім 1,9 пайызды құраған. Бұл туралы 3 маусымда таңертең денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде барлығы 11 796 адамға вирус жұққан:
- Алматы қаласы – 39 (Барлығы 2715)
- Нұр-Сұлтан қаласы – 23 (Барлығы 2289)
- Атырау облысы – 21 (Барлығы 1140)
- Шымкент қаласы – 21 (Барлығы 906)
- Қарағанды облысы – 0 (Барлығы 956)
- БҚО – 40 (Барлығы 732)
- Жамбыл облысы – 5 (Барлығы 398)
- Түркістан облысы – 0 (Барлығы 384)
- Алматы облысы – 5 (Барлығы 381)
- Қызылорда облысы – 30 (Барлығы 448)
- Ақтөбе облысы – 14 (Барлығы 363)
- Павлодар облысы – 0 (Барлығы 217)
- Маңғыстау облысы – 17 (Барлығы 308)
- Ақмола облысы – 0 (Барлығы 166)
- Қостанай облысы – 2 (Барлығы 184)
- ШҚО – 6 (Барлығы 148)
- СҚО – 2 (Барлығы 61)
Бір тәулікте 354 адам дерттен жазылған. Барлығы 5941 адам айыққан. 44 адам қайтыс болған. 2 маусымда түнде денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте 64 жасқа шыққан ер адам, Павлодар облысында 85 жастағы әйел адам, Нұр-Сұлтан қаласында 61 жастағы ер адам коронавирустан қайтыс болды деп мәлімдеген.