Қазақстанда тағы 37 адамнан коронавирус табылды. Алматы облысында – 12, Алматы қаласында – 10, Ақтөбе облысында – 4, Қызылорда облысында – 3, Қарағанды обылсында – 3, Нұр-Сұлтан қаласында – 2, Ақмола облысында – 1, Шығыс Қазақстан облысында – 1, Маңғыстау облысында 1 адам. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 28 сәуір сағат 17.40-та хабарлады.
Осылайша елде коронавирус жұқтырғандар үш мыңнан асты – 3019 (сейсенбіде 159 адам қосылды). 754 адам (сейсенбіде 29 адам) дерттен айықты. 25 адам қайтыс болды.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “вирус тарауының шарықтау шегінен өткен жоқпыз” деп елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созған. Бірақ карантин шарттарын жеңілдеткен. Жұрт енді маскамен аулаға шыға алады және саяжайға бара алады.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: КАРАНТИНДЕ АУЛАҒА ШЫҒУДЫҢ ЕРЕЖЕСІ ҚАНДАЙ?
1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейстері ұша бастайды. Жолаушылар вирус жұқтырмағанын дәлелдейтін анықтама әкелуі тиіс.
Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі басында елде 3500 адамға вирус жұғады деп болжаған. Кейін болжамды өзгертіп, мамырдың соңына дейін 4 мыңдай адамнан вирус табылады деп мәлімдеді.
Коронавирус жұқтырған 3019 адам мына аймақта:
- Алматы қаласы – 919
- Нұр-Сұлтан қаласы – 601
- Қызылорда облысы – 186
- Шымкент қаласы – 176
- Қарағанды облысы – 139
- Атырау облысы – 128
- Батыс Қазақстан облысы – 126
- Түркістан облысы – 121
- Павлодар облысы – 120
- Алматы облысы – 113
- Жамбыл облысы – 108
- Ақмола облысы – 95
- Ақтөбе облысы – 65
- Қостанай облысы – 43
- Маңғыстау облысы – 32
- Солтүстік Қазақстан облысы – 30
- Шығыс Қазақстан облысы – 17