Карантинде аулаға шығудың ережесі қандай?

0
167
Photo: inform.kz

Карантин уақытында аулада отбасы мүшелерін санамағанда үш адамнан артық жиналуға болмайды. Бұл туралы 28 қаңтарда өткен брифингте Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен мәлімдеді.

“Кәмелет жасқа толмаған балаларға жалғыз жүруге рұқсат жоқ. Жанында ата-анасының бірі немесе 18 жастан асқан туысқаны жүруі тиіс”, – деді әкім орынбасары.

Бақтияр Мәкеннің айтуынша, аулаға шығатын тұрғындар медициналық бетперде мен қолғап киіп жүруі шарт. Сондай-ақ, өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Аулаға шыққан адамдар үйдің жанында ғана жүруі тиіс. Далада жүру уақыты да шектеулі, сағат 06:00-ден бастап 22:00-ге дейін.

Қазақстандағы коронавирусқа байланысты төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссия 27 сәуірден бастап жұртқа үйдің ауласына шығып жүруге және саяжайға баруға рұқсат етті.

Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайды 11 мамырға дейін созды, бірақ карантиннің кейбір шарттары жеңілдеді.

Ресми мәлімет бойынша, елде коронавирус жұқтырғандар 2982 адамға жетті, 754 науқас дерттен жазылып, 25 адам қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз