Бас санитар: Нұр-Сұлтан, Алматы және Қарағандыда дәрігерлер коронавирус жұқтырды

0
75

Нұр-Сұлтан, Қарағанды және Алматыда дәрігерлерге коронавирус жұққан. Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова 1 сәуір күнгі брифинг кезінде  хабарлады. Бірақ ол нақты қанша дәрігер екенін айтпады.

Есмағамбетова осыған байланысты медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қарастыратын арнайы қаулыға қол қойған.

Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда 375 адамнан коронавирус табылған. 26 науқас жазылған. Үш адам қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз