Ақмола облысында тағы үш адамнан вирус анықталды. Елде науқас саны 375-ке жетті.

0
98

1 сәуір күні Ақмола облысында үш адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы күндізгі сағат 18:50-де денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Аймақта 18 науқас бар.

Қазақстанда вирус жұқтырғандар 375 адамға жетті:

  • Нұр-Сұлтанда – 184 адам
  • Алматыда – 84 адам
  • Қызылорда облысында – 25 адам
  • Ақмола облысында – 18 адам
  • Атырау облысында – 16 адам
  • Қарағандыда – 14 адам
  • Алматы облысында – 9 адам
  • Түркістан облысында – 5 адам
  • Ақтөбе облысында – 4 адам
  • Жамбыл облысында – 3 адам
  • Шымкентте – 3 адам
  • Батыс Қазақстан облысы – 2 адам
  • Шығыс Қазақстан облысында – 2 адам
  • Солтүстік Қазақстан облысында – 2 адам
  • Павлодар облысында – 1 адам
  • Маңғыстау облысында – 1 адам.

Қазақстанда үш адам вирустан қайтыс болды. 1 сәуірде Қарағандыда 62 жастағы ер адам көз жұмды. Науқастың диагнозында коронавирустан бөлек екі жақ пневмония, тыныс алу жетіспеушілігі болған. 31 наурызда Нұр-Сұлтанда 50 жастағы ер адам көз жұмған болатын. Дәрігерлер науқаста қант диабеті, қан қысымы, жүрек қантамыр аурулары болғанын айтты. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылында 64 жастағы әйел қайтыс болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз