Министрлік өкілі: Қазақстанда 16 баладан “Кавасаки синдромы” анықталды

0
96
Photo: doctor.kz

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 2,5 мыңға жуық баланың 16-сында “Кавасаки синдромы” анықталды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметовке сілтеме жасап Sputnik Қазақстан хабарлады.

“Соңғы күндері қазақстандық аналардың коронавируспен ауырып шыққан балалардың “Кавасаки синдромына” шалдығу жағдайына алаңдап отырғаны байқалады. Байбалам салудың қажеті жоқ. Елімізде балалардың Кавасаки синдромымен жаппай ауыру фактісі жоқ. Бұл синдром коронавирус жұқтырған 2,5 мыңға жуық баланың тек 16-сында ғана анықталды”, – деді Қожахметов онлайн баспасөз мәслихатында.

Қожахметовтың айтуынша, олардың бәрі кәмелетке толмаған жасөспірім. Науқастардың жартысы “Кавасаки синдромынан” толық емделіп шықты.

“Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы” АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаеваның айтуынша, індет басталғалы Қазақстанда 2,5 мыңға жуық бала індетке шалдықты. Олардың 111-і жаңа туған сәбилер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз