Тоқаев 1 қыркүйекте халыққа жолдау жасайды

0
259
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. photo: akorda.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы дәстүрлі жолдауды 1 қыркүйекте өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияламақ. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

“Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр. Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады”, – деп жазды ол.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойған болатын. Отырыс 1 қыркүйекте сағат 11:00-де өтеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз