Өзбекстанда «Док-1 Макс» дәрілік препаратынан 65 бала қайтыс болды

0
234
сурет: kun.uz

Өзбекстанда «Док-1 Макс» дәрілік препаратын қабылдаған 65 бала қайтыс болғаны расталды деп хабарлады, Kun.uz Өзбекстан Жоғарғы соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс бойынша сот отырысы бүгін өтуі керек. Оған сәйкес С. Р. П. (ер адам, 1972 жылы Үндістанда туған, «Курамакс Медикал» ЖШС директоры), Сардор Қориев (1982 жылы Ташкентте туған, Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігінің директоры және оның жанындағы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығының директоры қызметтерін атқарған), және т.б (барлығы 21 адамға: «Құрамакс Медикал» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығы» ДУК жауапты қызметкерлері) айып тағылды.

Сотталушылардың 16-сы ер, 5-еуі әйел. Оның 7-еуіне «қамау», 12-іне «жақсы мінез-құлық туралы қолхат» және 2-не «кепіл» түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Оларға Қылмыстық кодекстің 184, 28,186-3, 186-3, 25,205, 205, 207, 28,209, 209, 210, 211, 212, 228-баптарында көзделген қылмыстарды жасады деген айып тағылып отыр.

Еске сала кетейік, өткен жылдың желтоқсан айындағы мәлімет бойынша зардап шеккендердің саны 20-дан астам адам екені белгілі болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, Dok-1 Max және Ambronol жөтел сироптарында этиленгликоль немесе диэтиленгликоль улы заттардың мөлшері шамадан тыс көп болған.

Бұл препараттарды үнділік «Marion Biotech» компаниясы өндіріп, Өзбекстанға «Курамакс» компаниясы әкелген. Ондаған бала қайтыс болғаннан кейін елде «Курамакс» әкелген барлық дәрі-дәрмектің сатылуына тыйым салынды. Үндістан билігі Marion Biotech лицензиясын тоқтатты.

Бұған дейін Kun.uz бұл препараттардың Өзбекстанға қалай енгенін зерттеген болатын. Заңнамаға сәйкес, Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, сапасын бақылау, стандарттау және сертификаттау жөніндегі құзыретті орган МКҚК жанындағы Фармацевтикалық желіні дамыту агенттігі болып табылады. Агенттіктің осы бағыттағы жұмыс органы Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау және стандарттау мемлекеттік орталығы болып табылады.

Қолданыстағы ережеге сәйкес, Өзбекстанда тіркелген және импортталатын дәрілердің әрбір партиясы немесе сериясы сәйкестік сертификатын алуы керек. Сертификатсыз дәрі-дәрмек кеденнен өткізілмейді. Дәрілік заттарды сертификаттаумен барлығы 7 аккредиттелген ұйым айналысады, оның 6-ы Фармацевтикалық агенттік жүйесіне кіреді. 2022 жылы республикаға әкелінген «Док-1 Макс» шәрбатының барлық 11 сериясы агенттік жүйеде «Дәрілік заттарды стандарттау ғылыми орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен сертификатталған. Алғашқылардан болып осы ЖШС-ның екі шенеунігі түрмеге жабылды.

Бір қызығы, «Dok-1 Max» 2022 жылға дейінгі соңғы сертификат 2018 жылы берілген. Ал, бұл дәрінің жаңа сериясы Өзбекстанға 4 жылдан бері әкелінбеген. 2022 жылы 5 қыркүйек пен 13 желтоқсан аралығында препараттың 11 сериясы сертификатталды. Самарқанд облысының көпсалалы балалар медициналық орталығының 15 желтоқсандағы хатында «Соңғы 2 айда» «Док-1 Максқа» қатысты қайғылы жағдайлар орын алғаны атап өтілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз