Қазақстанда өткен тәулікте Маңғыстау, Түркістан және Қызылорда облыстарында бірде-бір адам вирус жұқтырған жоқ. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде бір күнде 88 адамнан коронавирус табылды. Оның ішінде 33 адамда клиникалық белгілері жоқ.
Жаңа жағдайлар Нұр-Сұлтан қаласы (18) мен Шығыс Қазақстан облысында (14) көп тіркелді.
Індетке шалдыққандар жалпы саны бойынша Алматы (14 238), Нұр-Сұлтан (13 851) қалалары мен Атырау облысы (10 931) алда тұр.
Елде ауырғандардың жалпы саны 106 032 адамға жетті. 97 967 науқас жазылып, 1 588 адам қайтыс болды.