Нұр-Сұлтанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды

0
202
Photo: astana.gov.kz

Осы жылы Нұр-Сұлтан қаласынан 800-ден астам жасөспірім жігіт Қазақстанның әр өңіріне әскери борышын өтеуге аттанады. Олар Қазақстан қарулы күштері, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Шекара қызметі және Ұлттық ұлан сапына таңдалады. Бұл туралы әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. 

Жоспар бойынша 18-27 жас аралығындағы 9000 азамат медициналық тексеруден өтеді.

Күзгі әскерге шақыру уақыты қыркүйектен желтоқсан айына дейін жалғасады.

Әскерге шақырылғандардың алғашқы легі келесі аптада әскери борышын өтеуге аттанады.

Әкімдік сайтының хабарлауынша, медициналық комиссия және әскер сапына қабылдау кезінде коронавирустың алдын алу шаралары толықтай қадағаланады.

“Шақырылушылардың дәрігерлік комиссиядан өтуі және әскери командаларды жасақтау кезінде пандемияның алдын алу шараларының барлығы қатаң қолданылып, әлеуметтік қашықтық сақталатын болады. Сақтану шаралары көктемгі әскерге шақыру науқаны кезінде де іске асырылған, тәжірибеміз бар”, – деді Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің штаб бастығы, полковник Айдын Сағынбеков.

Мерей Кенжеғали

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз