10 шілдеде өткен үкіметтің жалпы отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада Қазақстанға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech вакцинасын жеткізуді тапсырды.
“Біз азаматтарға қатысты өз ұсыныстарымызды әртараптандыруымыз керек. Кей азаматтар дәл осы вакцинаны алғысы келеді. Сондықтан оларға мүмкіндік беріңіз. Мәселені қысқа мерзімде шешіп, қазақстандықтар үшін Pfizer вакцинасының қолжетімділігін қамтамасыз ету қажет”, – деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.
Оның айтуынша, елге мамыр айында осы екпенің 2 миллион дозасы жеткізілуі керек болған, бірақ жеткізілмеген.
“Президент әкімшілігі мен үкіметке осы қажетті екпенің біздің нарыққа жеткізілуіне кедергі келтіретін лауазымды тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауды тапсырамын”, – деді Тоқаев.