Орталық коммуникациялар қызметінде Ақмола облысы әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен жылдың 9 айындағы Облыстың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен өңірдегі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы баспасөз конференциясында облыс әкімі Ақмола облысындағы жоғары сапалы астықтың төрттен бір бөлігін экспортқа шығаруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды ortcom.kz сайты.
Облыс агроөнеркәсіпте де жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Облыс әкімінің айтуынша жалпыреспублика бойынша Ақмола облысы жоғары сапалы астықтың төрттен бір пайызын экспортқа жөнелтеді.
Биылғы жылы аймақ диқандары 5,1 млн тонна астық жинады, оның 88 пайызы жоғары сапалы. Облыста мемлекеттік қолдау алған агроқұрылымдар саны 40 пайызға өсті, элиталық дақылдар себілген алқаптар көлемі 1,4 пайызға ұлғайды. Бұл тұрғыда егістік алқаптарда агрохимия, минералды тыңайтқыштарды пайдалану жұмысы өріс алды.
Өңірде мал шаруашылығының өсімі де айта қалсын жақсы жағдайда. «Биыл обыста 3300 мал басына арналған 155 отбасылық мал бордақылау алаңы ашылды. 11 сүт тауарлары фермасы құрылып, 600 бас сүтті ірі қара сатып алынды. Сондай-ақ, Астана іргесінде 5 мың басқа арналған ешкі фермасы мен жоғары дәрежеде өңдеуге бағытталған сүт фабрикасы іске қосылды»,-дейді Мәлік Кеңесбайұлы.