Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) қызметтері саудасының ішкі реттеу ережесін жаңадан әзірлеу үдерісіне қатысуда белсенділік танытуда, деп хабарлайды ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.
Жаңаша қабылданып жатқан бұл құжатқа лицензияларға, біліктілік талаптарына, қызмет көрсету саласындағы техникалық стандарттарға сәйкес, сондай-ақ электронды құжат айналымы мәселелеріне және қызмет көрсету бойынша рұқсаттарды тиімді басқаруға қатысты мәселелер кіреді. Қарастырылып отырған ереже 2017 жылы 10-13 желтоқсан аралығында Буэнос-Айрес қаласында өтетін 11-ші ДСҰ министрлік конференциясында қабылданады деп күтілуде.
ДСҰ-ның қызмет саудасының ішкі реттеу ережелерінің жаңа үрдісін қабылдаудың арқасында елімізде әкімшілік тосқауылдарды жоюға, лицензиялау рәсімдерін жеңілдетуге, сонымен қатар, мемлекеттік электрондық қызметтерді тиімді қамтамасыз ету арқылы қызмет көрсетушілердің бизнестерін Қазақстан нарығында қалыптастыруына оң ықпал етеді.