Ұлттық банк жаңа 500 теңге үлгісін ұсынды

0
67

Ұлттық банк бүгіннен бастап жаңа дизайнда жасалған 500 теңгені айналымға шығарады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Қағаз ақшаның «Қазақ елі» атты алтыншы шығарылымы жоғары деңгейдегі дизайнға ие.

Купюраның сол жағы көгілдір түске боялып «Қазақ елі» монументі бейнеленген. Ал келесі бетінде – Каспий теңізі бейнеленіп, түсі өзгеріссіз қалдырылған.

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев «Купюраның дизайны 2015 жылдан бастап құрастырылғандықтан ондағы жазбалар кирилл әрпінде жазылған. Бұл ақшаны жасап шығарудың жылдам процесс емес екенін растайды», деп мәлімдеді.

Ескі дизайн 2020 жылдың 10 маусымына дейін айналымда қалатын болады. Көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін ескі купюра айналымнан алынып тасталынады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз