Республикада жастар жылы аясына жас отбасылар үшін арнайы тұрғын үй бағдарламасы жасалады.
Қазіргі таңда жаңа жоба үшін жол картасы әзірленуде. Белгілі болғандай, жаңа жоба “7-20-25” бағдарламсы аясында дайындалатын болады. Қазақстанның кейбір өңірлерінде аталған тұрғын үй бағдарламасы қабылданып, дайындық шаралары басталып кетті. Шымкент қаласы “7-20-25” бағдарламсы аясында жас отбасыларды баспанамен қамтамасыздандыратын жобада алғашқылардың бірі болып келеді.
Оралда бұл шара “Ақжайық жастары” деген атаумен жүргізілсе, Ақтөбеде “Жас Барыс” деген атпен қабылдбақ.
Сарапшылар, егер әрбір ауданда жас отбасы атанған 100 адам аталған бағдарлама аясында пәтерге ие болса, онда бұл елдегі 2 мың жас отбасылардың баспана мәселесін оңай шешеді деп бағалайды.
Бүгінде республикада “7-20-25” бағдарламасы бойынша құны 36,4 миллиард теңге болатын 3036 өтініш мақұлданған.