1 наурыздан бастап пойыз билеттері қымбаттайды

0
651
Photo: "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.

Қазақстанда осы жылдың 1 наурызынан бастап облысаралық және қала маңындағы қатынастардағы барлық әлеуметтік маңызы бар бағыттарда пойыз билеттері 7% – ға қымбаттайды. Бұл туралы “Жолаушылар тасымалы” АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

“Жолаушылар тасымалы” билет бағасының қымбаттауын жолаушыларды тасымалдау сапасын жақсартуға, оның ішінде жылжымалы құрам паркін жаңартуға және қызмет көрсетудің жаңа стандарттарын енгізуге бағытталған шараларды жүргізіп жатқандымен байланыстырған.

Сонымен қатар, 2018 жылдан 2020 жылға дейін 159 вагон сатып алғанын хабарлады.

Аталмыш вагондар мына бағыттар бойынша қатынайтын пойыздарының құрамына қосылған: Алматы-Маңғыстау, Нұр-Сұлтан-Сарыағаш, Атырау-Нұр-Сұлтан, Атырау-Алматы, Нұр-Сұлтан-Арқалық, Атырау-Маңғыстау, Алматы-Жезқазған және Нұр-Сұлтан-Семей.

Осы жылдың 1 тоқсанында 50 жаңа вагон жеткізілмек. Бұл вагондар мына бағыттар бойынша қатынайды деген жоспар бар: Алматы-Маңғыстау, Қызылорда–Семей, Алматы-Өскемен және Нұр-Сұлтан-Семей.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз