Депутат Ахметов: Ел басқарған тұлғаларға құрмет көрсету – әлемдік тренд

0
676
Жастар атынан Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған Мәжілістің жаңа сайланған 25 жастағы депутаты Мәди Ахметов ант беріп тұр. Photo: video grab

Парламент мәжілісінің жаңа сайланған ең жас депутаты, Назарбаевқа ескерткіш орнатуды ұсынған Мәди Ахметов ел басқарған ұлы тұлғаларға құрмет көрсету әлемдік тренд екенін айтады.

“Өмірінің тең жартысын мемлекеттің қалыптасуына арнаған, Қазақстан үшін астанамызды салып, Түркістан қаласын жаңғыртып, шекарамызды шегендеп, тіл мәртебесін көтерген, Семей полигонын жапқан мұны сіз тарих беттерінен сызып тастай алмайсыз. Бұл жерде сол кісінің жасаған еңбегін, сол фактіні мойындап, содан қарап үлгі алу. Менің ойымша, бұл бүйректен сирақ шығаратын дүние емес, бұл әлемдік тренд. Американы, Түркияны, Сингапурды алып қарасаңыз да сол мемлекеттің қалыптасуына үлесін қосқан, елді басқарған азаматтарға сондай құрмет көрсетіп жатса мұның артықшылығы жоқ”, – деді депутат Ахметов. 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз