112 мемлекеттік қызметкер 35 миллион теңгеге жазаланды

0
29

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 8 ай ішінде 112 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты, салынған айыппұлдың жалпы сомасы шамамен 35 млн теңгені құрайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Антикор баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекеттік қызметшілер көбінесе жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзғаны, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде шаралар қолданбағаны, бизнестің заңды қызметіне кедергі келтіргені, кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысқаны, іс жүргізу әрекеттерімен байланысты құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылады.

Мысалға айтар болсақ, Астана қаласы бойынша Тексеру комиссиясының аудиторы, өз пәтерінде роликті перделер орнату түрінде заңсыз материалдық сыйақы алғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл үшін аудитор объектіні тексеру тізімінен алып тастаған. Мұндай әрекеті үшін тексерушіге 2 млн теңге айыппұл салынған.

Сондай – ақ, жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылықтардың кең таралған түрлерінің бірі – лауазымды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласуы болып табылады.

Бұдан бөлек антикор жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтамағаны үшін жауапкершілікті де көздейді. Мысалы, Қостанай облысында ветеринариялық бақылау жөніндегі аумақтық инспекция басшысы бас маманды жұмысқа қабылдаған. Бұл ретте қызметкер лауазымға тағайындалғанға дейін активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсырмаған.

Осылайша, ветеринариялық инспекция басшысы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 680-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 172 мың теңге айыппұл салынды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз