Кейінгі 10 жылда тұрғын үй кезегі 6 есе өскен. Қазіргі таңда еліміз бойынша 647 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Алайда оның 200 мыңнан астамы тізімнен алынуы мүмкін. Мәжіліс депутаттары тұрғын үй туралы заңды қайта қарамақ, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Графика:
- 232 мың адам тұрғын үй кезегінен шығарылады:
- 96,1 мыңы – өз баспанасы бар
- 91,4 мыңы – басқа аймақтарға көшіп кеткен
- 29 мыңы – тіркеуде жоқ
- 15,6 мыңы – қайтыс болған
- 533-ы – ҚР азаматтығы жоқ
Жалпы тұрғын үй кезегіне алу, тиісті пәтерлерді бөлу мәселесі депутаттардың назарына іліккелі біраз болды. Қазір мәжілісмендер құрылыс және өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғын үй туралы заңды қайта қарастыруда. Соған сай Отбасы банкінің құзіретін кеңейту көзделген.
«Кезекті жергілікті атқарушы органдардан алып, отбасы банкке беру керек. Отбасы банк оның бәрін цифрландыру керек. Бұл жерде адамның қатысы болмау керек. Өйткені қазір біз естіп жатырмыз, білеміз кезек бұзушылық көп. Сондықтан халықтың наразылығы көп. Әрбір адамның өзінің личный кабинеті болады. Кезегі келді ме, сол уақытта алады. Ең бірінші мәселе осы», – дейді парламент мәжілісінің депутаты Ұлықбек Тұмашинов.