Журналист көзімен әлемдегі лас ел туралы

0
96

Журналист Өркен Кенжебек, 90 пайызға жуық халқы мұсылман мемлекет, Бангладештің астанасы Дакка қаласындағы тұрғындардың қоқыс арасындағы өмірін фэйсбук парақшасында бөлісті.

«Біз жүрген Бангладештің мемлекеттік тілі – бенгалда. Э-кономика нашар. Э-кология быт-шыт. Мысалы, астанасы Дакканың қақ ортасын бөле Буриганга деген өзен ағып жатыр. Суының түсі мұнайдай қап-қара, қоймалжыңдау тарта ма кей тұсында, сондай шатыс. Қос жағасы да ұзыннан-ұзақ бір қабат үйдей қоқыс. Ғалымдар бұл әлдеқашан өлі су деп тапқан», – деп жазған блогер.

Өркен Кенжебектің айтуынша, Даккадағы киім тігетін және тері илейтін зауыттардың бояуы, химикаты еш өңдеусіз осы өзенге құйылады.

«Заң бойынша сүзгіден өткізіп барып құюы тиіс еді, бірақ бұл қай ел екенін ұмытып қалмаған шығарсыз. Коррупция решает все. Санақ бойынша Даккадағы канализация суының 85%-і сүзілмейді. Ал бұл қалада кемі 21 млн адам тұрады. Сосын тоқтаусыз жүзіп жатқан кемелердің майы, жануарлар өлігі, тағы не бар еді, бәрі осында – улы сорпа ғой, қысқасы. Бірақ, маңайдағы адамдарға бәрібір – шомылады, тісін жуады. Басқа не амал? Кемітіп айтқанда, 4 млн адам кемінде соның кесірінен ауруға шалдығады, мысалы, тері ауруына», – деп жазған журналист.

Бангладеш конституциясы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған. Ғаламтордағы статистика бойынша халықтың 89,5% – ы мұсылмандар, 9,6% индустар, қалғандары христиандар немесе басқалары. Ал, мұсылман адамның қағидаты бойынша «тазалық – иманның жартысы» делінген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз