Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған жолдауында оқушыларға берілетін жүктемені азайтуды тапсырды.
Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында. «Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек», – деді.
Сонымен қатар, Мемлекет басшысы барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3D-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құруды тапсырды.
Жадыра Аманбайқызы