Франция мен Қытай миллиардтаған еуроға келісім-шарт жасасты

0
175

Франция мен Қытай арасындағы сауда қатынастары жаңа деңгейге жетті. Эммонуэль Макронның аспан асты еліне жасаған сапары барысында тараптар миллиардтаған еуро көлеміндегі бірқатар ірі келісімшарттарға қол қойды. Бұл туралы Euronews хабарлайды. 

Франция көшбасшысы Бейжіңдегі бизнес қауымдастық өкілдерімен кездесуінде «Осы уақытқа дейін Франция Қытайдан 45 млрд долларға тауар әкеліп, 15 млрд доллар көлемінде ғана экспорт жасап отырды. Экспорттаудың мұндай көлемі бізді қанағаттандырмайды», деп мәлімдеді.

Елисей сарайы Э.Макронның мәлімдемесін қолдай отырып Қытайдағы Арена орталығында ядролық құрылысты қайта өңдеу бойынша меморандумға қол қойды. Екі ел арасындағы бұл келісімнің сомасы нақты айтылмағанымен, сарапшылар келісімді шамамен 10 млрд еуроға бағалады.

Францияның «Airbus» компаниясы авиация саласында Қытаймен серіктестікті барынша кеңейту қажет деп санайды. Атап айтқанда, мәселе Тяньцзиндегі әуе кемелерін шығаратын зауыттың қуатын арттыруға байланысты болып отыр.

Өз кезегінде, Alibaba веб-сайтының негізін қалаушы атақты қытайлық бизнесмен Джек Мэй француздың сәнді тауарларына арналған жаңа сауда алаңын құру үшін Парижге баратындығын хабарлады.

Франция президентінің Қытайға мемлекеттік сапары 10 қаңтарда аяқталады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз