Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың келіссөздер арқылы реттелуін қолдайды.

0
146

Қазақстан Республикасы 2018 жылдың 9 қаңтарда өткен Корея Республикасы мен Корея Халық Демократиялық Республикасы арасындағы жоғары деңгейдегі келіссөздерді құптайды және екіжақты қарым-қатынастарды жақсарту үшін екі елдің күш-жігерін жоғары бағалайды, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Бұл кездесу мен Солтүстік Кореяның Пхенчханда өтетін XXIII Қысқы Олимпиада ойындарына қатысуы толыққанды корейаралық диалогтың қайта жаңаруына бастау болып, Корей түбегіндегі шиеленісті жеңілдетуге жәрдемдеседі деп үміттенеміз.

Корея Республикасы мен Солтүстік Корея арасындағы белсенді диалог Корей түбегінің денуклеаризация мәселесіне оң әсерін тигізетін болады деген сенімдеміз.

Қазақстан Корей түбегіндегі жағдайдың диалог пен келіссөздер арқылы реттелуін дәйекті қолдайды.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, сондай-ақ өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан мемлекет ретінде Қазақстан барлық мүдделі тараптарды Солтүстік Кореяның ядролық және баллистикалық бағдарламалары бойынша келіссөздер үдерісін жедел қайта қозғауға шақырады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз