Бүгін күн райының қолайсыздығына байланысты Астана мектептерінің бірінші ауысымдағы оқушыларға сабақ болмайды, деп хабарлайды Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астанада 11 қаңтар күні күн райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымда оқитын 0-12 сынып оқушылары үшін және колледждің 1-2 курс студенттеріне сабақ болмайды.
11.01.2018 жылы дауыл мен бұрқасынның, желдің күшеюіне байланысты дауылды ескерту жарияланды.