11 қаңтар Елордада қар жинауға 1345 техника жұмылдырылды

0
132

Астанада соңғы күндері қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуге көшті. Кеше бір тәулік ішінде қаладан 34 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі «Астана Тазалық» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Хабарламада «Тәулік ішінде Астанада 34 227 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, «Астана Тазалық» ЖШС 11 787 текше м, «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ 2 159 текше м және мердігер ұйымдармен 20 281 текше м қар шығарылды», – делінген.

Жолдарды тазалау және қар шығару жұмыстарына 1345 техника тартылды, соның ішінде Алматы ауданында 557, Сарыарқа ауданында 343 және Есіл ауданында 445 техника. Атап айтқанда, сыпыру-жинау машиналары, тротуар жинайтын машиналар, шнекороторлық техника, құмтөсегіштер, автогрейдерлер, қар тиегіштер, фронталдық тиегіштер және самосвалдар.

Бұдан басқа, қарды қолмен жинауға 1888 жол қызметкері: Алматы ауданы бойынша 845, Сарыарқа ауданы бойынша 560 және Есіл ауданында 483 жұмыскер тартылды.

Айта кетейік, жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері қар шығару жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз