Елбасы Шанхай ұйымына ұлттық үйлестіруші тағайындады

0
82

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы (ШЫҰ) қызметінің мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестіруші қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Президенттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, бұрын ШЫҰ мәселелері жөніндегі ұлттық үйлестірушісі қызметін атқарған А. Жолбарысұлы қызметінен босатылды.

«Мемлекет басшысының Өкімімен Айдар Жолбарысұлы Әбішев Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестіруші қызметінен босатылды», – делінген хабарламада.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз