АҚШ-тан Ресейге жаңа санкциялар

0
94
дереккөзден

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) «Америка дұшпандарына қарсы күрес Заңы» аясында «Ресей олигархтарына» қатысты санкциялар бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл туралы Ақ Үйде өткен брифинг барысында қаржы министрі Стивен Мнучин мәлімдеді.

Шектеу шаралары қолданылатын тұлғалардың тізіміне қатысты пікір білдірген С. Мнучин әлі де жұмыс жүргізіліп жатқандығын, олардың есімдері жақын күндері жария болатынын айтты, деп сілтеме жасайды Lenta.ru.

Өз кезегінде, «Коммерсантъ» баспасы анықтағандай, АҚШ әкімшілігі Конгресске жоғары лауазымды ресейлік шенеуніктер мен елдің жоғары басшылығына жақын кәсіпкерлердің тізімін ұсынуға дайындалуда. Фигуранттар тізіміне 50 адам, отбасы мүшелерімен қосқанда 300 адам кіруі мүмкін.

Баспаның мәліметінше, қара тізімде болу санкцияға автоматты түрде түсу дегенді білдірмейді, бірақ оның тәуекелін арттырады.

Атап өтерлігі, АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті санкция қойылуы мүмкін 33 ресейлік компаниялар тізімін жариялады. Жаңа шектеу шаралары 2018 жылдың ақпанында күшіне енуі мүмкін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз