Қазақстан-Түркімен шекарасын шегендеу туралы келісім ратификацияланды

0
208

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түркіменистан арасындағы Қазақстан-Түркімен мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Түркіменистан арасындағы стратегиялық әріптестік туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз