2024 жылғы ең төменгі жалақы мен зейнетақы көлемі белгілі болды

0
63

“2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң бойынша келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақы мен зейнетақы көлемі төмендегідей бекітілді. 

  • ең төменгі жалақы (ЕТЖ) – 85 000 теңге;
  • айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3 692 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс минимумы 43 407 теңге болып бекітілді.

Жасы бойынша зейнетақы төлемдеріне және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бөлінген қаражат аталған сомалардың келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап 9%-ға ұлғаюын ескере отырып қарастырылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз