40 мыңға жуық бала учаскелік психиатр есебінде тұр: Себебі таң қалдырды

0
103
фото: Pixabay

Қазіргі таңда 40 мыңға жуық бала психиатр есебіне алынған. Олардың жас аралығы 3-18 жас. Басты себептерінің бірі гаджетті шектен тыс қолдану дейді мамандар, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Психиатрлардың айтуынша есепте тұрғандар психикалық ауытқу, аутистикалық бұзылуы барлар. Олардың саны жыл сайын артып келеді.

Балалар мен жасөспірімдер күнделікті теледидар, планшет және телефон секілді гаджеттерді пайдалануы арқылы өзіне қажет емес ақпараттарды сіңіре береді және ата-анасымен, жақындарымен сөйлеспей бастайды. Мұның соңы күнделікті дамуы бұзылуына әкеліп соғады. Әсіресе бұл нәрседен кішкентай балалар көптеп зиян шегіп жатыр.

«Гаджетті шектен тыс қолдану арқылы мидың дамуы, интеллектуалды даму баяулайды. Яғни баланың ақыл-ойы дұрыс дамымайды. Уақытылы дамуы керек заттар тоқтайды. Есте сақтау қабілеті, назары, ойлау қабілеті және тағы да басқалары тежеледі. Кері әсер ретінде біріншіден ақыл-ой дамымауы, одан кейін сөйлеу қабілетінің дамымауы, үшіншіден көзге жүк түседі, көз қиналғаннан кейін жүйкеге әсер етеді. Бұдан баланың көп жылай беруі, мезгілсіз айқайлауы, есірігі ұстауы, тамақ ішпей қоюы және ұйқы режимінің бұзылуы туындайды», – дейді ҚР ДСМ штаттан тыс бас психиатры Марина Вихновская.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз