Мемлекеттік қызмет саласындағы Астана хабының басқарушы комитетінің төрағасы, Алихан Байменов «Меритократия. Парасаттылық. Инновациялар» атты жыл сайынғы конференцияда бұрынғы социалистік елдердегі мемлекеттік қызмет саласындағы басты проблемаларды атады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.
«Біздің аймақ елдерінде ең өзекті мәселелер ол, меритократияны қорғай білу, яғни, ең білікті, ең білімді адамды қызметте ілгерілету. Екінші, жемқорлықпен күрес. Үщінші, қоғаммен қарым қатынасты нығайту. Себебі, мемлекеттік қызмет халытың сеніміне ие болса, үкімет батыл қимылдай алады. Осы үшін білім, білік, адалдық, инновация және қоғаммен ашық жұмыс жасау керек»,-деді А.Байменов.