Air Astana әуе компаниясы Ресей бағытындағы барлық рейсін тоқтатты. Бұл жөнінде әуе компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews хабарлады.
“Ресей Федерациясына баратын және ол жақтан келетін, Ресей аумағынан өтетін коммерциялық рейстерді сақтандыру тоқтағандықтан, осы бағыттағы рейстеріміздің бәрі тоқтайтынын өкінішпен хабарлаймыз” делінген ақпаратта.
9 наурыз күні Air Astana мен оның еншілес компаниясы FlyArystan Ресей бағытындағы кейбір рейстерін тоқтатып, мұны “өндірістік қиындықтармен” түсіндірген. Бірақ ол кезде Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Мәскеуге баратын рейстер жұмыс істеп тұрды.