Утилизация алымын жинаумен айналысқан компанияның бұрынғы директоры жемқорлық күдігіне ілінді

0
193
Photo: Tengrinews.kz

11 наурызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі утилизация алымын жинаумен айналысқан “Оператор РОП” компаниясының бұрынғы бас директоры Медет Құмарғалиевтің 20 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінгенін хабарлады.

“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “Оператор РОП” ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады” деп жазылған ведомство хабарламасыда.

Агенттік таратқан ақпаратқа қарағанда, ол 2016-2021 жылдар аралығында көлік утилизациясының құнын жоғарылату арқылы кәсіпорынның 20 миллиард теңгеден астам қаражатын жымқырды деген күдікке ілінген. Ол сот санкциясымен қамауға алынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз