31 наурыз және 2 сәуір аралығында Алматы тауларында көшкін жүру қаупі бар. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
“Көшкін жүру қаупі мүмкін болуына байланысты, қарлы тік
жартастарға шығу ұсынылмайды. Тауда абай болыңыздар”,- делінген қазгидромет хабарламасында.
Жауын-шашын мен таудың биік болуына байланысты Үлкен және Кіші Алматы су алабтарында 31 наурыз және 2 cәуір аралығында қар көшкіні қаупі бар.