Қазақстанда COVID-19 инфекциясы бойынша антирекорд тіркелді

0
265

30 наурызда Қазақстанда 1663 адамнан коронавирус табылды. 82 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 17 адам – коронавирустан, 4 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 31 наурыз күні хабарлады.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (356) және Алматы (526) қалаларында тіркелген. Одан кейін Алматы облысы 191 адам тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Наурыздан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 244 981 адамға жеткен.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 8 айға жуық уақыт ішінде 50 525 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 688 адам қайтыс болған. 48 036 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 24 642 адам (оның ішінде 1801 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 353 адамның жағдайы ауыр, 76 науқастың жағдайы өте ауыр. 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз