Қазақстан әлемдегі әскери күш рейтингі бойынша 62 орында

0
1,790

Әскери күш бойынша елдер арасындағы рейтингіде Қазақстан 140 елдің ішінде 62 орында тұр.Бұл туралы finprom.kz сайты хабарлады.

Елдер рейтингі индекспен өлшенді. Индекс мәні неғұрлым аз болса, елдің жауынгерлік әлеуеті соғұрлым күшті болады.

Қазақстанның индексі 1,0286 көрсеткен. Рейтинг көшін АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан және Жапония елдері бастап тұр. Көрші елдердің арасында Ресей мен Қытайдан басқа, Қазақстаннан Өзбекстанның әлеуеті жоғары.

Сонымен қатар, Қазақстаннан тізім бойынша Түркіменстан және Қырғызстан сияқты елдер төмен тұр. Бутан, Косово және Либерия рейтингтегі ең төменгі елдер. Айта кетейік, рейтингте елдердің ядролық әлеуеті бағаланбаған.

Рейтинг индексті анықтау үшін 50- ден астам жеке факторлар бағаланады. Олар әскери күш пен қаржыдан бастап материалдық-техникалық мүмкіндіктер мен географияға дейін өлшенеді.

Материалдық – техникалық мүмкіндіктер жағынан Қазақстанда 238 ұшақ, 300 танк, 1200 бронетехника бірлігі, 124 сауда флоты, 5 порт және сауда терминалы, 96 әуежай бар. Елдегі ұшақтардың ішінде 80 жедел жойғыш ұшақ (истребитель), 75 тікұшақ бар.

Рейтинг деректері бойынша елде 167 мың әскери қызметші бар. Бұл ел халқының жалпы санының 0,9% – ын құрайды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз