Коронавирус: Қазақстан “қызыл аймаққа” кірді

0
235

30 наурыз таңертеңгі ақпаратта Қазақстан елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты “қызыл аймаққа” кірді.
Бұл туралы ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы хабарлады

Одан бөлек Нұр-Cұлтан, Алматы қалалары және Атырау, Батыс Қазақстан облыстары коронавирустың таралуы бойынша “қызыл аймақта”.

Қазақстанда өткен тәулікте 1445 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталды. Оның ішінде антирекорд жаңартқан Алматы(545) қаласы тіркелді. Одан кейін Нұр-Сұлтан(204) қаласы және Алматы(177) облысы тұр.

Қалған “қызыл аймақтағы” Батыс Қазақстан облысында 76 адам және Атырау облысында 63 адам, Қарағанды облысында 92 адам тіркелді. Ал, Маңғыстау облысында мүлдем науқас тіркелмеді.

Өткен жылдың наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 243 318 адамға жеткен.

Бір күнде 15 адам коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды. 

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 7 айға жуық уақыт ішінде 50 433 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 684 адам қайтыс болған. 47 837 адам жазылған.

Қазір коронавирустан 24 180 адам (оның ішінде 1922 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 364 адамның жағдайы ауыр, 76 науқастың жағдайы өте ауыр. 46 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз