Қарағанды облысының Нұра ауданында биыл тұқым тазарту желісін іске қосу жоспарлануда, деп мәлімдеді өңір әкімдігі. Бұл туралы Kazaknews.kz сайты Ortcom.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның қуаты сағатына 20 тоннаны құрайды, фракцияларға бөлініп, қапшықтарға салынады. Арнайы жабдық тұқымды калибрлеуге және оны қоқыстан тазартуға мүмкіндік береді.
Жалпы Қарағанды облысының Агроөнеркәсіптік кешенінде 2023–2026 жылдарға 64 жоба қарастыралған. Биыл 24 жобаны жүзеге асыру көзделген, оның ішінде мал шаруашылығында 10 жоба, өсімдік шаруашылығында – 11 және қайта өңдеу саласында – 3. 150-ден астам жұмыс орны ашылады.
Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін өсіру Шет, Қарқаралы және Нұра аудандарында бордақылау алаңдарын, асыл тұқымды репродукторларды құру және сүт-тауар фермаларын салу есебінен жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
2026 жылға дейін 4,1 мың бас сауын сиыры бар 8 СТФ құрылады. Азық базасын құру үшін суармалы жерлердің ауданы 21,8 мың гектарға дейін ұлғайтылады.
Халықты сапалы өнімдермен қамтамасыз ету үшін, әсіресе маусымаралық кезеңде сақтау инфрақұрылымын дамытуға баса назар аударылады. Биыл Бұқар Жырау ауданында 7,6 мың тонна картоп қоймасы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін Осакаров ауданында 4,2 мың тоннаға және Шет ауданында 13,4 мың тоннаға екі картоп қоймасы салынады.
2026 жылға дейін жалпы сыйымдылығы 49,2 мың тонна болатын бес заманауи картоп пен көкөніс қоймасының құрылысы жоспарланған.
Осакаров ауданында импортты алмастыру шаралары аясында көп қабатты зауыт салынады. Оның қуаттылығы жылына 4 мың тонна жарма өнімін құрайды. Жобаны 2025 жылы іске асыру жоспарлануда.