20 160 қорап темекі партиясын заңсыз алып өтудің жолы кесілді – ҰҚК

0
216

14 сәуірде шекарашылар Жамбыл облысының «Сыпатай батыр» өткізу пунктінде Қырғызстаннан Қазақстанға 20 160 қорап түрлі маркадағы темекі өнімінің ірі партиясын заңсыз алып өтудің жолын кесті. Алдын ала есеп бойынша тауар кұны шамамен 5 400 000 теңгені кұрайды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Анықталған жүк процессуалдық шешім кабылдау үшін Меркі ауданының Мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды. Сонымен катар, сәуір айының 14-і мен 17-сі күндері Шекара қызметі Жамбыл облысының «Ақсу» және «Кеңес» шекара бөлімшелерінің учаскелерінде Мемлекеттік шекараны бұзған Қырғызстанның 3 азаматы ұсталды”, – делінген ҰҚК хабарламасында.

Ұсталғандарға катысты тексеру іс-шаралары жүргізілуде.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз