2018 жылдың бес айында Астанаға 35 370 адам келген. Сырттан келгендердің көбі Ақмола және Оңтүстік Қазақстан облысының тұрғындары. Бұл туралы елорданың ресми сайты статистика департаментіне сілтеме жасай отырып хабарлады.
2018 жылы елордаға 21 322 адам келген
Шенеуніктердің сөзінше, 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда елордаға сырттан келетіндер саны 49,5 %-ға азайған, ал қаладан кететіндердің саны 37,5 %-ға кеміген.
“Қаладағы миграциялық ауысу көбіне аймақаралық миграция әсерінен болады: 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында елордаға келушілер 21 322 адамды құраса, елордадан кеткендер – 16 424 адам”, – деп хабарланады.
Астанаға сырттан келетіндердің көбі – Ақмола облысының тұрғындары
Астанаға сырт аймақтардан келетіндердің көбі – Ақмола облысының тұрғындары, деп хабарлайды статистика департаменті. Ақмола облысы тұрғындарының халықтың миграциялық өсіміндегі еншісі 19,4 пайызды құрады. Оңтүстік өңірден келушілер – 14,2 пайызды құраса, Қарағанды облысынан – 9,8 %, ШҚО – 8,9 %, Алматы – 8,2 %, өзге облыстар үлесі – 39,5 %.
Ведомства миграциялық тұрғыда Астана ТМД елдерінен (Әзірбайжан, қырғызстан, Өзбекстан) оң сальдоға ие екендігін алға тартты. Сондай-ақ оң миграциялық сальдо мына мемлекеттермен де қалыптасқан: Грузия, Ұлыбритания, Сауд Арабиясы, Испания, Чех Республикасы, Қытай, Жапония, Литва, Түркия, Корей Республикасы, Малайзия, Моңғолия.
“Мигранттар құрылымында келушілердің жалпы санының және кетушілердің 86,6% -ын есепке алғанда ұлт бойынша ең көлемді үлес салмағы қазақтарға тиесілі (89,4%). Орыстардың елге келген және ел аумағынан кеткен үлес салмағы 5,5 және 7 пайызды құрайды, украиндықтар – 0,8 % және 1 %, өзбектер – 0,6 % және 1,3 %, татар – 0,8 % және 0,7 %, немістер – 0,5 % және 0,7 %, өзге ұлт өкілдері – 2,4 % және 2,7 % “, – деп нақтылайды статистика департаменті.