Үш қазақстандық АҚШ-та алаяқтық үшін айыпталды

0
89
АҚШ әділет министрлігі/дереккөзден

АҚШ прокуратурасы автокөлік сатуда ірі алаяқтыққа барды деп 25 азаматты, соның ішінде 3 қазақстандықты айыптады. Бұл туралы РИА Новости АҚШ әділет министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Нью-Йорктің Оңтүстік округі прокуратурасының таратқан ақпарына сәйкес, айыпталғандар қатарында жеті азамат Ресейден, бес азамат Грузиядан, төртеуі – Әзірбайжаннан, үшеуі – Қазақстаннан, екі азамат Латвиядан, АҚШ және Түркияның бір азаматы бар. Бұл азаматтар ұсталғандар, қылмысқа қатысы барлар әлі де іздестірілу үстінде.

Тергеу барасында ұйымдасқан қылмыс тобы көлік сату туралы жалған хабарландыру таратып, жеткізу фирмаларын құрғаны туралы анықталды. Кейіннен әлеуетті тұтыншылар қаражатын салған кезде, жалған хабарландыру жасаушылар іздерін суытқан. Тұтынушылардың шығыны 4,5 миллион долларды құрады.

“2016 жылдың қарашасынан 2018 жылдың шілдесіне дейін айыпталушылар ірі алаяқтық схемасын құрған, өздерін автокөліктердің заңды сатушылары деп таныстырып, тұтынушыларды алдап, олардан аталған көліктерге қаражат төлеуді, елдегі банктердегі ақшаларын алып, кірістерін Құрама Штаттардан тыс аумаққа аударуға мәжбүрлеген”, – деп хабарлайды істің жай-күйін АҚШ әділет министрлігі.

Аталған ұйымдасқан қылмыс тобының 17 мүшесі Нью-Йоркте, Флорида мен Мичиганда құрықталған, 8 адам іздестірілу үстінде.

Әрбір күдікті: алаяқтық мақсатта ауыз жаласты деген айыпта 30 жыл, ақша жылыстату мақсаты үшін 20 жыл темір торға қамалуы мүмкін.

Сафина Саид

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз