Астана тұрғыны Бурабайда суретке түспек болып, жардан құлап кетті

0
287
Фото: Kazpravda.kz

Бурабайда Бөлектау тауынан құлаған әйел қайтыс болды. Ақмола облысы полициясының баспасөз қызметінен хабарлағандай, қайғылы оқиға 11 маусымда болған.

Полицейлердің мәліметінше, марқұм күйеуімен және кәмелетке толмаған балаларымен бірге Бурабай ауданы аумағына Астанадан келген.

“Бөлектау тауының шолу алаңына көтерілу кезінде әйел суретке түскісі келді, алайда ол 15 метр биіктіктен құлап, құлаған кезде тасқа соғылды”, деп хабарлады полиция.

Өлімге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз