Астанада «Самұрық-Қазына» Акционерлік қоғамы (АҚ ) портфельдік компанияларының қызметкерлері арасында «Ең бірінші бақытым – тілім менің» атты байқау өткізілді.
«Самрұқ-Қазына» АҚ бастамасы бойынша 2014 жылдан бастап қолға алынған шараға жауаптылық қызметін «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы өз мойнына алды.
Биылғы өткен бұл байқаудың талаптары жылдағыдан өзгеше болып өтті. Байқау бес тараутан, яғни сәлемдесу, театрлық көрініс үлгісінде үй тапсырмасы, зияткерлік ойындар, командалық шығармашылық өнер көрсету атты тарауларды құрап, командалар құрамында 50% өзге ұлт өкілдері қатысты.
Командалар қызықты таныстыруларымен қоса, үй тапсырмалары компанияның қызметін кроссмаркетинг негізі бойынша жарнамалайтын жеңіл әзілдік формада ұсынды. Зияткерлік ойындар арқылы қатысушылар өздерін тапқырлығы мен ұшқыр ойлылығын жағынан танытты.
Қортындылай келе әділ қазылар төрт жүлделі орын бойынша жеңімпаздарды марапаттады. Үшінші орынды «КазМұнайГаз» АҚ командасы иеленген болса, екінші орынға «Қазақстан ТемірЖолы» АҚ командасы табан тіреді. Бірінші орынды «KEGOC» АҚ командасы қанжығасына байлап, бас жүлдені «Қазақтелеком» АҚ командасы жеңіп алды.
Конкурс жеңімпаздарына дипломдар мен бағалы сыйлықтар үлестірілді.
АҚ Ұйымдастыру-бақылау департаментінің директоры Нағия Смағұлова «Бірінші кезекте біз қазақ тілін ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде көпшілікке дәріптеуге ұмтылып отырмыз. Бұған қоса, қазақ тілін жұмыста және тұрмыста қолдануға, тілді тереңірек игеріп алуға, сонымен қатар қоғамдық қатынаста қазақ тілін игеріп алған адамның позитивтік бейнесін қалыптастыруға мүмкіндік береді», дейді.
Конкурстың басты мақсаты қызметкерлердің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі үшін қажетті жағдай жасау, сонымен қоса «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компанияларында әлеуметтік-коммуникативтік функцияларды кеңейту болып табылады.