Сирияның 90 пайызға жуық аймағы содырлардан азат етілді

0
64

Сириядағы Ресей Федерациясы Әуе күштерінің жұмысы басталғаннан бері ел аумағының 87,4%-ы лаңкестерден босатылды, деп хабарлайды Ресей Федерациясының Қорғаныс Министрлігі.

Сириядағы операция кезінде ресейлік саперлар командасы Сирияның Алеппо және Палмира қалаларындағы 60 мыңнан астам жарылғыш заттарды залалсыздандырып, шамамен 5,3 мың гектар жерді минадан тазартқан болатын.

Сонымен қатар, Ресейлік нұсқаушылар Хомс пен Алеппо қалаларындағы жаттығу орталықтарында 586 сирия әскерін ұрысқа дайындаса, қазіргі таңда 102 әскери дайындық пункті жаттығу жүргізеді.

Сонғы екі жылда содырларға қарсы 92 мың ұрыс жүргізіліп, 97 мың нысанның жойылуына септігін тигізген.

Сирияның 90 ға жуық аумағы ең ірі лаңкестік ұйымдар Ирак пен Левант содырларынан тазартылды. Қазіргі таңда қаланың 90%-ға жуығы әскерилердің бақылауына өткен.

Жадыра Аманбайқызы

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз