Қазақстан мен Ресей пойыздарда шекаралық бақылауды алып тастады

0
58

Қазақстан Республикасының (ҚР) Ресей Федерациясындағы (РФ) Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетов және РФ-ның Мемлекеттік хатшысы және Сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин куәліктермен алмасу туралы хаттаманы ратификациялау құжатына қол қойды. Бұл құжат Қазақстан-Ресей шекарасы арқылы жолаушылардың транзитін жеңілдетеді, деп хабарлайды ҚР-ның РФ-дағы Елшілігінің баспасөз қызметі.

Екі елдің үкіметтері  теміржол кәсіпорындарының, мекемелерінің және ұйымдарының қызметін құқықтық реттеудің ерекшеліктері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Астанада 2016 жылы 4 қазанда қол қойылып, одан кейін екі елдің парламенттері мен басшылары тарапынан ратификацияланды.

26 қыркүйектен бастап Астана-Орал және Алматы-Орал бағытындағы «Тұлпар-Тальго» жолаушылар пойызы Соль-Илецк станциясы арқылы іске қосылады деп күтілуде. Екі бағытта жүру мерзімділігі күнара.

И. Тасмағамбетов атап өткендей, мұндай инновациялар іскерлік және туристік қатынастарды ынталандырып, Қазақстан мен Ресейдегі шекаралас өңір тұрғындарының байланыстарын жеңілдетеді.

Сайлаубай Сабина

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз